Түлектердің эсселері
Айдана Азербаеваның эссесі
«Болашақ сенің қолыңда...»
Әр адам өзінің саналы өмірінің белгілі бір кезеңдерінде, үлкен таңдау жасауға тиіс болады. Яғни біз болашақ мамандығымыз жайлы ойлай бастаймыз. Миыңда көптеген шешілуге тиісті сұрақтар пайда болады. Мысалы, мүмкін дәрігер немесе мұғалім деген сияқты. Мен осы сынды сұрақтарды өзіме өте көп қойдым және әрине осы жобаға келген соң , толық жауабымды таптым.
Ең бірінші, мен жоба барысында қандай өзгерістерге ұшырадым? Қатысу нәтижесінде мен не алдым? Мен осы жобаға қатысу арқылы көптеген жаңа, пайдалы, қызықты ақпараттар алдым. Дәлірек айтқанда осы жобадағы «Болашағыңды таңда және басқар» курсы арқылы өзіме қажетті ақпараттарды алдым. Мысалы, курста Правила 72 часов, Ашық және жабық сұрақтар, Черный лебедь, техника SMART секілді пайдалы ақпараттар, техникалар көп болды. Және менің түйсігім өзгерістерге ұшырап, келесідей ой түйдім: тұлға мамандық таңдар алдында, тек қана өзіне қызықты ғана емес, сонымен қатар өз еліне де пайда әкелердей кәсіп иесі болу керек. Және де әрқашан жаңа білім алудан жалықпауға тиіс, нақтырақ айтқанда әрдайым ізденіс үстінде болу. Екіншіден, мен қандай білім және дағдылармен таныстым? Оларды өмірде қолдана алдымба? Мен «Тиімді оқыту» курсында мен білуге тиісті көптеген жаңа білім алдым. Мысалы, белсенді ойлай білу, прокрастинация, жаңа әдеттер, тез оқу деген сынды ақпараттарды алдым. Бұл курстың маған берері өте көп болды. Мен бұл курста: техника помодоро, морковко, практика тез оқу, еріншектік, микронаграда маңызы, есте сақтау қабілеті және тағы да басқа қызықты білім мен дағдыларды алдым және оларды өз өмірімде қолдануды үйрендім. Мысалы, таңертең сағат 6:00 де тұрып күнімді жақсы көңіл күймен бастап, 1 ыстақан су ішіп содан соң 30 минуттық жаттығу жасауды әдетке айналдырдым. Бұл мен үшін керемет нәтиже! Үшіншіден, қандай ақпарат менің есімде ерекше орын алды, және оған не себеп? Мен үшін ең ерекше тренинг «Эмоционалдық интелекті». Себебі, осы тренингта мен өз-өзіңді тану, істеген-істерге мән беру, өз-өзімді сезіну, әлсіз жақтарымды, күшті жақтарымды, эмоциямды қажетті нәрсеге жұмсауды, өзімді мативациялауды, басқалардың эмоцияларын тануды, дұрыс қолдануды секілді өте құнды білім алып қана қоймай, оны дұрыс қолдануды да үйрендім. Сол себепті де мен үшін бұл тренинг ерекше орын алды. Төртіншіден, не себепті мен бұл жобаны басқа да жасөспірімдерге ұсынамын? Себебі, ертеңгі болашағың , бүгінгі қандай мамандық таңдағаныңа тікелей байланысты деп ойлаймын. Яғни мамандық таңдау – үлкен жауапкершілік, ертеңгі болашағыңа жасалатын алғашқы сәтті қадам. Сол себептіде жасөспірім мамандық таңдар алдында өте мұқият болып, мамандардың кеңесіне жүгінгендері абзал. Бұл жобаныңда мақсаты сол, яғни жасөспірімдерге дұрыс жолды көрсету. Бұл жобаға қатысу арқылы мен өзімді мазалаған сұрақтардың жауабын таптым. Бұл жобаға қатысу туралы шешімім, болашағыма жасалған алғашқы сәтті қадам. Сол себепті сен де, осы жобаға қатысу арқылы болашағыңа алғашқы қадамыңды жаса! Бесіншіден, мен өзімнің болашақ мамандығымды анықтай алдымба? Мен өзімнің қайда оқуға түсетінімді білемінбе, және осы шешімдерге жобаның берген әсері қандай? Мен «халықаралық қатынастар және басқару» мамандығын таңдадым. Себебі, осы мамандықты оқу арқылы мен экономика, дипломатия-келісім, финанс, тарих, мемлекеттік басқару, ағылшын және басқа да тілдерді меңгеретін боламын. Мен үшін ең маңыздысы, өз мамандығым арқылы еліме пайдамды тигізу. Өйткені, мен өзімнің бұл қабілетімді, осы жоба барысында сезіндім. Бұл өте керемет сезім және үлкен жауапкершілік! Мен басқаларға көмектескенді ұнататынымды, тез тілтабысу қабілеттерімді осы жоба барысында көре білдім! Әрине, мен өзімнің қайда оқуға тапсыратынымды шештім, тапсыратын университеттер тізімін жасап қойдым. Және, әрине бұл шешімдерге жобаның көмегімен келдім. Нақтырақ айтқанда, Самал Ахметованың курсынынан соң. Бұл курста біз, мамандық таңдау, қалай дұрыс университеттер тізімін құрастыру керек, Европа және Америкаға қалай тапсыру керек, халықаралық экзамендер және де басқа да өзекті сұрақтарға жауап алдық. Қорытындылай келе, мен бұл жоба басталмас бұрын мақсат қойдым яғни осы жоба арқылы өзімді одан сайын дамытып, шыңдағым келді және де мен бұл мақсатыма да жеттім. Сол себептіде мен осы жобаны ұйымдастырушы барлық ағай-апайларға алғысым шесіз, үлкен рахмет!
Ботакөз Салхаденнің эссесі
“Профориентация” менің жүрегімнен орын аларлық ең керемет проект болды.Мен жазғы демалыс кезінде осы проект туралы танысып,қатысып көруге шешім қабылдадым.Осылай өзім батыл шешім қабылдап,осындай кереметтей жобаның қатысушысы атанып отырмын.Проект неге керемет деп отырмын?Оның себебі мен ең алғашында тек тернингтер болады,барлығы оңайғой деген ойда болдым.Бірақ ақырында тренингтерге қатыса бастап,мен бұл жерде тек теория емес,үздік мамандармен практика да болатынын ұғындым.Ал осындай мүмкіндікті көріп,мен еш сабақты жібермей,тапсырмаларды үзбей орындаған болатынмын.Ал,нәтижесіне келер болсақ,ол әрине жақсы.Бізде 3 түрлі тренинг өтті.Үшеуіде бір-бірінен асарлық.Ең бірінші Бақытжан ағай сабағынан мен smart ұғымын алғаш естіп,оны іс жүзінде қолдандым.Солай өзімнің дәл мақсатымды айқындап,оған қалай жету керектігін түсіндім.Ал,72 сағат әдісін қолданып мен өз ісімді тиімді бастауға дағдыландым.Ал,мен үшін ең керемет тәсіл ол -“Матрица Эйзенхауэр”.Мен бұл тәсіл арқылы өзімнің күнделікті жасайтын істерімді маңыздылығы мен тездетілісі бойынша бөліп,өзімнің күнделікті жоспарымды қалыптастырдым,бұл арқылы пайдасы аз затқа уақытымды босқа жұмсаудың қажетсіздігін ұқтым. Әрине оларды қолдана білу оңай болмады,бірақ менің қолымнан келді.Ал,Сымбат апайдың “Оқыту тиімділігі” тренингі өте әсерлі болды десем болады.3 күн,15 сағат мен үшін тез өтіп кетті,бұл дегеніміз тренинг мені өзіне баулағаны соншалық мен уақыттың қалай зымырай шыққанында байқамадым.Біз Сымбат апаймен сабақ алдында сергіту жаттығуларын жасайтынбыз,ол мен үшін өте қызық тренингтегі сәттерімнің бірі болды.Ал,осындай көңіл күймен біз әрдайым сабақ бастап,тез оқу дағдысын үйрендік.Ол үшін бір текстті оқып,өзіміздің 3,2,1 минуттағы көрсеткіштерімізді жазып отырып,сабақ кезінің өзінде нәтиже көрдік.Ал мен осы сабақтан кейін қолдана бастаған техника ол-“Помодоро”.Мен білімге уақыт бөліп,осы көрсеткішім үшін,өзіме Сымбат апай айтқандай мининаграда беріп жүрмін.Ал ол мені әрі қарай осы істі соңына дейін жеткізуіме шабыттандырады.Осылай бұл тренингте маған өзінің ұнамды тұстарымен есте қалды.Ал,үшінші тренинг ол -Асель Муратова апаймен өткен “Эмоционалды Интеллект” сабағы.Бұл мені қуанышқа бөлеген сабақтардың бірі болды.Себебі мен эмоциамды басқаруға дағдыландым.Ең бірінші біз Асель апаймен өзімізге уақыт арнап,ішіміздегі өкініш,қобалжу ,қуаныш эмоциаларының қайдан таралатынын сезініп,оның бізге деген әсерін түсіндік.Мен осы уақытқа дейін мұңайу секілді эмоцияларды тек адамға кері әсер етеді деп түсінсем,қазіргі ойым өзгеше.Бұндай эмоциялардың да оң әсері бар екен,тек оны дұрыс бағытта жұмсай білуіміз қажет екен.Ал,бұл тақырып жөнінде біз Асель апаймен көптеген практикалар жасадық.Келесі жаттығу “ценности и убеждение” болды.Мен өзім үшін қай нәрсенің маңызды екенін түсіне алдым,маңыздылығы бойынша оларды тіпті бөлуді де үйрендім және мен үшін басқа да қатысушылардың ойынша бұл өмірде не маңызды екенін көру қызық болды.Осы тренингтен кейін мен “Happy end,рефрейминг” тактикаларын қолданып,өз эмоциямды басқаруды әлі де жетілдірудемін.Жоғарда айтқан тактикалардың бәрін мен тез меңгеріп,қазірде қолдану үдерісіндемін.Бұл жобаға қатысуды барлық өзіммен қатар оқушыларға,студенттерге ұсынамын.Себебі жобада айтылатын құнды ақапараттар өте көп,ал олардың өмірге,тұлғалық дамуға пайдасы орасан зор.Жоба өте қызық себебі өз қатарластарыңмен бірге осындай тегін мүмкіндікпен даму ол керемет деп санаймын.Бізде сабақ кезінде практика өте көп болды,ал ол қатысушылармен еркін сөйлесіп,топ ішінде еркін сөйлей алу дғадысында қалыптастырды.Ал,тренерлер өз істерінің нағыз мамандары.Олар бізге әрі қарай дамуға үлкен мотивация беріп,өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.Мені қуантқаны ол тренерлердің бізді түсініп,бізді барынша пайдалы ақпараттармен сусындатулары.Мен жобадан кейін өзімнің жақсы тұстарымды түсініп,өз мамандығымды дұрыс таңдағанымды толықтай түсіндім.Себебі проект бізге өз жан дүниемізбен сырласып,өзімізге ұнайтын істі табуға үлкен әсерін тигізді.
Наргиз Елібайдың эссесі
«Профориентация жобасы менің өміріме қалай әсер етті»
Ең бірінші бұл жобадан мен жаңа достар таптым, Гүлбану Қуанова есімді ментр мен таныстым.Осы жобадан жаңа ойлар, жаңа ақпараттар,жаңа әдеттер мен эмоциялар алдым. Жобаға қатысушылардан мотивация алдым.Олардың күнделікті тәртіптерін өз бойымада ала бастадым.Топтық жұмыстардан өзіме сенімділік алдым.Басында өз ойымды айтуға қысылатын едім,бара-бара өз ойымды айтуға үйрендім.Жобаның өзінен біршама жаттығулар,тәжірбиелер үйрендім.Өзімнің бойыма сіңіргендерім ол жоспарды құра білу,арман мақсатынды қағазға дұрыстап жаза білуге соған талпынуға ат салысып жатырмын.Эмоцияны қадағалауда өте қызық әрі керек ақпарат болды.күнделікті көңіл күйімді арнайы приложенияға жазып қадағалап отыруды әдетке алып кеттім.Мен бұл жобаны толық не қалайтынын білмейтін жасөспірімдерге кеңес беретін едім.Бұл жерде сенің толың потенцалынды ашады және сені әр түрлі ақпараттармен қызықтыра бастайды.Осы жоба сенің мінезінді толықтай сипаттап беріп,соған байланысты мамандық тауып береді.Тағыда айта кеттетін нәрсе ол ментрлермен ара-қатынас өте жақсы,түсінушілікпен қарап,тақырыпты еркін оңай түсіндіреді.Осы жобаның арқасында қай бағытта қозғалу керек екенін түсіндім.
Есенжан Мақжанның эссесі
Даму - ол әр адам бойында болуы керек ең басты құндылық. Әр адамның табиғатына байланысты дарын мен таланттылық болады. Ал, адам тұрғыда даму сол екі бағытты әрі қарай жетелей түсуге көмектеседі. Қазіргі таңда әлемге танымал көптеген жастар, тұлғалар бар. Осы жандардың барлығы да, әрине осы тұлғалық дамудан, білімдерін жетілдіруден, ой-өрістерін кеңейтуден және әлемге басқаша көзқараспен қарауынан бастау алған.
Осыған орай, өзімді осы тұлғалық даму, дұрыс мамандық таңдау, болашаққа дұрыс бағдар қоюды үйретіп, бойыма үлкен құлшыныс берген жобаны айтқым келіп отыр. Бұл жобаның атауы "Integrity".
"Сен жобаға қалай келдің? Бұл қандай жоба? Ол саған несімен көмектесті? " деген сұрақтар сіздерді мазалап отырған шығар. Әрине, оның барлығын сіздерге баяндап беретін боламын. Алғашында бұл жобаны маған координаторымыз жіберген болатын. Сол кезде қатты қызығып жобаға қатысқым келді. Бұл жобаның сайтына кіріп ережелеріменя мақсатымен таныстым, кейін "getcourse" -қа жазылып, алғашқы тапсырмаларымды орындай бастадым. Осылайша, мен осы жобаға 92 баланың арасына қабылдандым. Кейін, біздерді топтарға бөліп, тест жұмысын жүргізді. Және сол тесттің нәтижесіне байланысты, арнайы профориентолог маманның көмегіне жүгініп пайдалы дәріс, кеңес алдым. Өзімнің бойымдағы басым қасиеттер мен төмен қасиеттерімді байқадым. Бірақ, ең ерекшесі ол өзіме сай мамандықтар тізімін көріп, білдім. Профориентологпен кеңес маған өте пайдалы және керемет өтті. Кейін біздерді менторларға бөліп және де үш бағыт бойынша тренингтар өтті. Олар: "Выбирай управляй будущием", "Тиімді оқыту", " Эмоционалды интеллект". Бірінші тренингта біздер болашаққа қандай бағыт-бағдар қою керек екенін, өзіміздің күнімізді, болашаққа деген жоспарымызды "SMART" технологиясымен құруды үйрендік. Сонымен қатар "Ашық және жабық сұрақтардың" айырмашылығы мен оларды қалай пайдалан білу керектігін, " Черный лебедь", "Лестница компетентности" және тағы басқалары. Сонымен қатар жұптық, топтық жұмыстар орындадық, презентация жасап, оны қорғауды үйрендік. Маған өте қатты көмектесті және керемет әсер қалдырды. Болашақта міндетті түрде осы айтылған кеңестерді қолданатын боламын. Екінші тренингте біздер "Тиімді оқыту" бағыты бойынша кездесуге қатыстық. Бұл кездесуде біздер тиімді оқу, күнімізді жоспарлау, мақсат қою және де кітапты қалай тез оқып үйренуді үйрендік. Тренингтің алғашқы күнінде бола алмасам да, қалған екі күніне қатынасып, өзіме керекті, міндетті түрде өмірде қолданататын кеңестер мен лайфхактар алдым. Тағы да, топтық жұмыстар мен жұптық жұмыстар жүргіздік, өзімізбен жеке-жеке тапсырмалар орындадық. Мен үшін осының барлығы міндетті түрде қазіргі жастық шағымда керекті білім, кеңес деп есептеймін. Менің көңілімнен шыққан тренинг деп есептеймін. Бірақ ең қатты ұнаған тренинг ол - "Эмоционалды интеллект". Бұл үшінші кездесуде біздер өз эмоциямызды таба білдік, басқа адамдардың эмоциясын таныдық, және де ешқашан біреуді кінәлі қылып, дегенімізді жасату дұрыс емес екенін білдік. Спикер өте көңілді, белсенді болды. Және де ол кісінің өз өмірінен мысал қылып келдірген әңгімелері де өте ерекше, әрі үлкен мотивация берді. Бұл тренингте де топтық, жұптық және жеке, өз бетімен жасалатын жұмыстар, тапсырмалар болды. Маған бұл үлкен тәжірибе болды. Сонымен қатар маған даму күнделігін толтыру кезінде үлкен көмек берген, және көмектесіп, көкейде мазалаған сұрақтарға белсенді жауап берген менторыма үлкен алғысымды, қуанышымды білдіремін.
Қорытындылай келе, маған бұл жоба үлкен әсер, өмірлік тәжірибе, мамандық таңдау және даму жолында өте үлкен кеңес, әсер қалдырды. Осы үшін осы "Integrity" жобасына үлкен алғысымды білдіремін және сіздер үшін өте қатты қуанамын. Осындай жобаның осы Атырау қаласында бар екеніне және белсенді өткізіліп жүргеніне өте қатты қуанамын. Сіздерге үлкен рақмет!
Нұрсұлтан Ренатұлының эссесі
Осы проект жайлы мен психолог ағайдан естігем. Ағай бізге тіркелуімізді сұрады , өйткені бұл проект арқылы болашақ мамандық таңдау оңай болады деп айтқан . Мен тіркелдім және осыған кеткен уақытқа түк те өкінбейбін. Проект басталмас бұрын мен қандай бағытым осал екенін қандай профессия маған қолайлы екенін, тиімді оқу тәсілдерін (эффективное обучение) , эмоциянальды интеллекттін маңыздылығын білмедім. Тренингтар барысында осы айтылғандармен жұмыс жасап , маңыздылықтарын түсініп алдым. Сондай-ақ проект барысында жаңа ақпараттармен танысып , көп зат білдім және білген дағдыларды өмірімде қолдануға барынша тырысамын.Мысалыға Эмоциянальный интеллект сабағында трейнер Асель апай түсіндіргендей бізде логикадан да басты зат ол біздің эмоцияларымыз. Эмоцияларымыз арқылы бәрін жасай аламыз. Әрбір эмоция кезінде яғни ашулы немесе қуанышты болған кезде не істеу және не істемеу қажет екенін білеміз. Сонымен қатар , Сымбат апайдың тренингінде тиімді түрде қалай оқу қажет екенін меңгердік , әр түрді методтармен таныстық. Ал Бақытжан ағайдың тренингінде S.M.A.R.T методы , лестница некомпетенции , матрица Эйзенхауера , ... . Осы проэктта болғаныма өте қуаныштымын және басқа подростоктарға да қатусаға кеңес беремін . Өйткені проектте жаңа адамдармен таңыс боласын , жаңа білім мен дағдыларды меңгересін , және болашақ саған сәйкес профессияңды таңдай аласың , бұл өте маңызды өйткені болашағың сенің ғана қолыңда. Мен болашақ профессиям туралы қатты ойланбаған едім . Осы проект басталысымен ең басында өткен тесттің жауабында маған логист немесе инженер болған қабілетіме және біліміме жарасатынын айтты . Және сол кезден бастап логист және инженер мамандығы жайлы терең білуге тырысамын . Осы проект болмаса мен ол туралы ойлайтыныма сенімді емеспін тіпті логист деген мамандықты естімейтін де едім деп ойлаймын. Сондықтан сіздерге яғни Профорентация Выбирай и управляй будущим проектінің ұйымдастырушыларына , тренерлерге гостевая встреча тренерлеріне де және қатысушыларға алғыс айтамын. Осы проектта жаңа достар жаңа дағдылар жаңа білім алдым . Сенімді де халқыма пайдасын тигізетін болашақ құрауға көмектескендеріңізге алғысым шексіз. Соңына дейін оқығаныңызға рахмет 🙌
БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН
“Integrity тұлғалық даму” қоғамдық қоры, 2021