Жобаның миссиясы

Өз бетімен өмір сүру дағдысын қалыптастыру үшін әр баланың бойындағы дара қабілеттерді  анықтау және дамыту.

Жобаның мақсаты

Атырау қаласындағы 200 оқушыға (15-18 жас аралығындағы) икемді дағдыларды онлайн форматта үйрету және кәсіпке бағдарлаушылардың көмегімен оқушылардың болашақ мамандықтарында қолдана алатын қабілеттерін анықтауға көмектесу

Өткізілу уақыты:

1 поток

2021 ж. 1 сәуірі мен 31 шілдесі аралығы

2 поток

2021 ж.1 шілдесі мен 31 тамызы аралығы

Жобаның оқушылар үшін құндылығы


Қандай да бір қызмет түріне бейімділігін анықтау

Жеке даму жоспары Ментормен жұмыс 

Икемді дағдыларды үйрену Нетворкинг 

Бағалы сыйлықтар

Жобаның ата-аналар үшін құндылығы


Балаңыздың мықты жақтары мен қабілеттерін анықтау Балаға мамандық таңдау кезінде қалай қолдау көрсету керектігі туралы ұсынымдар Жасөспірімдермен қарым-қатынас орнату бойынша тренингтер Психолог кеңесі (сұраныс бойынша)

Жобаның менторлар үшін құндылығы


Менторлық компетенциясын дамыту Оқушыларда мамандықты саналы түрде таңдау мәдениетін қалыптастыруға атсалысу

Кәсіби менторлар қауымдастығының бір бөлшегі болу 

Ментор сертификаты Естелік сыйлықтар

Процесс

  • оқыту демалыс күндері ( айына 3 демалыс 3 сағаттан)
  • ментормен кездесу (айына 1-2 рет)
  •  прогресс пен нәтижелерге мониторинг жасау (ай сайын)

Жобаның бірінші кезеңінің мақсаты - даму бағытын айқындау және өзінің мықты жақтарын түсіну. Бұл кезеңде оқушы тестілеуден өтіп, кәсіпке бағдарлаушының кеңесін алады. Оған оқушының өзімен бірге  ата-анасы да қатыса алады (келісім бойынша). Сондай-ақ оқушы ментормен жұмыс барысында Жеке даму жоспарын құрады. Оған бағдарламаның барлық кезеңінде  кәсіпке бағдарлаушы қолдау көрсететін болады. 
Ата-аналар  жалпы кері байланыста болады.

Екінші кезеңнің мақсаты – икемді дағдыларды үйрену
Бұл кезең курстың үш бағдарламасын қамтиды:
1. «Болашағыңды таңда да, басқар» оқушыларды кәсіптік бағдарлау бағдарламасы – көшбасшылық, жоспарлау, қарым-қатынас, командада жұмыс жасау
2. «Эмоционалды интеллект» бағдарламасы  - мақсатқа жету жолында эмоционалды ресурсты дамыту   
3. «Тиімді оқыту» бағдарламасы – ақпаратты іздеу және меңгеру дағдылары, жылдам оқу, тайм-менеджмент

Үшінші кезеңнің мақсаты — оқушыларды әр түрлі мамандық  бойынша жұмыс жасап жатқан адамдардың табысты еңбек жолымен таныстыру мақсатында түрлі мамандық өкілдерімен кездестіру және дәрістер өткізу.
Қатысушыларға қандай маман иесімен кездесетіні жөнінде алдын ала хабарланып, сұрақтар дайындауға тапсырма беріледі. Маман оқушыларды өз кәсібінің қыр-сырымен таныстырып, оларды қызықтырған сауалдарға жауап береді.


Бұл кезеңнің мақсаты—оқу нәтижесін талдау және бағалау. Ақтық кезеңде оқу қорытындысы жасалады. Ата-ана—оқушы—ментор үш жақты кездесуінде қатысушылар одан әрі даму бағытында кеңес алып, игерген дағдыларды өмірде қолдануға арналған идеялар ұсынады.  Одан кейін байқау өткізіп, жоба ұйымдастырушылары қатысушылармен қоштасады.

Біздің курстар

БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН

“Integrity тұлғалық даму” қоғамдық қоры, 2021