Қатысуға өтініш беріңіз

Геткурсқа кіру

“Integrity тұлғалық даму” қоғамдық қоры «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен «Кәсіптік бағдарлау – Болашағыңды таңда да, басқар» жобасын ұсынады. 

Психологтың отбасын қолдау бағдарламалары

Жоба аясында психологтың отбасыларға қолдау көрсетуі қарастырылған. Ата-аналар да балалармен бірге сол оқу платформасын қолдана отырып, білім алу мүмкіндігін иеленеді. Үш жақты кездесулер мен мамандармен кеңес балалардың қабілетін анықтауға және даму бағытын таңдауға көмектеседі. Психолог бағдарламасы аясында балалармен тиімді коммуникация орнату және отбасында дұрыс қарым-қатынас құру бағытында білім беріледі.
Жеке қадам

Әр оқушы ментормен жұмыс жасап, өзіндік талдау, рефлексия, мақсат қою және жоспарлау дағдыларын меңгереді. Кері байланыс коучтық әдіс негізінде құрылған, оқушы даму жоспарына өз бетімен өзгертуді үйренеді.
Кәсіби команда

Жобаны жасақтаушылар мен жүргізушілер - кәсіби маманданған, сертификатталған коучтар. Икемді дағдылар саласындағы бұл мамандар үшін игерілген білімнің өмірде, табысқа қол жеткізу жолында қолданысқа енуі маңызды.
Шығармашылық шеберханасы

Оқушылардың жоба аясында меңгеретін ең маңызды дағдылардың бірі – қарым-қатынас, яғни коммуникация дағдылары. Жоба аясында әлеуметтенуді қолдау мақсатында «Шығармашылық шеберханасын» ұйымдастыру қарастырылған. Мұнда балалар өз білімімен, қызықты ақпараттармен бөліседі, оқу процесін талқылайды, жүзбе-жүз кездесулер мен байқаулар өткізіп, мәдени шаралар ұйымдастырады. Бұл жобаның мақсаты – қатысушылар арасында ұзақмерзімді байланыс орнатып, болашақтағы ортақ бастамаларға қолдау білдіру.
Жобаның стратегиясы

Жобада маңызды қадамдар толық қамтылып, көрсеткіштер мен кезеңдер жазылған. Жобаның 3 құрамдасы – оқыту, нетворкинг, мықты стратегия. Жоба кезеңдері жан-жақты қаралып, әр деталі алдын ала ойластырылды. Мысалы, оқушылар мамандық өкілдерімен кездесуден соң өздерінің болашақ мамандығына байланысты шығармашылық тапсырмалар орындайды, бұл оларға даму бағытын дұрыс таңдау жұмыстарында септігін тигізбек.

БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН

“Integrity тұлғалық даму” қоғамдық қоры, 2021